|
02.10.2020 | 17:42
1459

Әуезов ауданының қариялары балабақша ауласында ағаш отырғызды

Қарттар күні аясында «Өз ағашыңды отырғыз» іс-шарасын ұйымдастырылды

Әуезов ауданының қариялары балабақша ауласында ағаш отырғызды almaty.tv

Әуезов ауданының қариялары балабақша ауласында ағаш отырғызды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қарттар күніне арнап өткізілген шараға Әуезов ауданы әкімдігі мұрындық болған. Осылайша зейнеткерлер жасыл желектің жайқалып өсуіне үлес қосып, қолдарына күрек алды. Нәтижесінде 10 үйеңкі ағашы, 2 шырша және 18 бұталы өсімдіктер отырғызылмақ.

«Қарттар күні аясында «Өз ағашыңды отырғыз» іс-шарасын ұйымдастырып отырмыз. Қаламыздың жасыл желек санын арттыру үшін Әуезов ауданы әкімдігі мен зейнеткерлер бірігіп, ондаған ағаш отырғыздық. Қариялар да бір мезгіл сергіп, көңілдері көтеріліп қалды. Сондай-ақ біз бір ай бойы көптеген іс шара өткізуді жоспарлап отырмыз», – деді әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы Әсел Жүнісова

«Өз еркіммен келіп, осы балабақшаға «Мен өз ағашымды отырғызамын» акциясына қатысып отырмын. Біздің отырғызған ағашымыз ұлғайып өсіп, мәуелі бақ болса, осы айнала көріктенсе, біз дән риза болып отырамыз», – деді зейнеткер Мейрамкүл Рыспекова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир