Елорда тұрғыны 7 жасар қыздың жағдайы туралы айтып, көмек сұрайды. Осыған дейін еш жері ауырмаған қыз аяқ астынан шашы түсіп, ақсаңдап қалған. Осы орайда Нұр-Сұлтан тұрғыны тиісті мекемелерден көмек сұрады, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұл туралы Зинара Салихова есімді желі қолданушысы Facebook желісіндегі «Астана, хочу похвалить/пожаловаться» тобында жазды.
Оның айтуынша, 7 баланың анасы қызының суретін жіберіп, көмек сұраған.
«Суреттерді көргенде отыра қалып, жылап жібердім. Шашының жартысына жуығы түсіп қалған және ақсап жүре бастаған 7 жасар қызды тексерту үшін көмек сұраймын. Дәл қазір қызды трихолог пен генетикке ақылы негізде жіберіп отыр. Сонымен қатар оның шашының түйіні бар-жоғын көру үшін, басын УДЗ-ға түсіру керек. Бала ұялады. Ол әлі бірінші сыныпта оқиды», - деп жазды әйел.
«Бәлкім,бұл ауыр дерттің белгісі шығар. Сондықтан құзырлы орындардан қыздың мәселесіне шұғыл назар аударуларын сұраймын», - дейді ол.
Ал елордалық Денсаулық сақтау басқармасындағылар бүгінде қыздың қажетті медициналық тексерулерден өтіп жатқанын айтты.
«Әлеуметтік желіде бұл қыздың жағдайының қызу талқыға түсіп жатқанынан Нұр-Сұлтан қаласының Денсаулық сақтау басқармасы толықтай хабардар. Дәл қазір басшылық бұл қыздың өзімен де, отбасымен де жолығып, қажетті медициналық тексерулерден өткізіп жатыр. Алдағы уақытта дертінен толықтай айығады деген үміттеміз», - деді Нұр-Сұлтан қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.