|
24.03.2020 | 17:42
6044

Алматы полициясы: Карантин аймағының периметрі бойынша 30 айналма жол жабылды

Алматы қаласының патрульдік полиция күштері Алматы облысымен шекаралас аудандарға сараптама жасады

Алматы полициясы: Карантин аймағының периметрі бойынша 30 айналма жол жабылды Almaty.tv

Қаладан кіріп-шығу үшін айналма жолдарды белгілеу мақсатында жедел қызмет және Алматы қаласының патрульдік полиция күштері Алматы облысымен шекаралас аудандарға сараптама жасады, деп хабарлайды Almaty.tv қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сонымен, сараптамалар барысында айналма жолдардың 30-ы анықталды және жабылды, бетон блоктар орнатылды, сондай-ақ Ұлттық ұлан сарбаздарынан күзеттер қойылды. Олар: Алатау ауданында — 15, Жетісу ауданында — 7, Медеу ауданында — 1, Наурызбай ауданында — 4 және Түрксіб ауданында — 3 орналастырылды. Өкінішке қарай, тәжірибе көрсеткендей, карантиндік аймаққа кіру үшін заңсыз әрекеттерге және тыйымға қарсы келетін азаматтардың санаты бар екенін де айтқан жөн. Олар бұл шаралардың, ең алдымен, өздерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне бағытталғанын түсінбейтін сияқты. Арнайы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ҚР ӘҚбК-нің 476-бабы, яғни «Төтенше жағдай ережелерін бұзу» бойынша, 47 әкімшілік материал қаралды, нәтижесінде 11 адам әкімшілік қамауға алынды, 36 адамға айыппұл салынды», — деді Алматы қалалық полиция Департаментінің бастығы,  полиция полковнигі Қанат Таймерденов.

Бақылау-өткізу пунктінің жазбасына сәйкес, барлығы бір күнде қала бойынша 1473 автокөлік кірді, олардың 484-і жеңіл көлік болса, 985-і жүк көлігі, оның ішінде 1443 адам болды. Бір күнде қаладан 1653 автокөлік шықты, оның 544 -і жеңіл көлік, ал 1104-і жүк көлігі, олардың ішінде 1050 адам болды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир