Сайлау науқаны қатаң түрде заңға сәйкес өтетініне кепілдік беремін - Тоқаев

egemen.kz
egemen.kz
Қазақстанда келесі президент сайлауы 20 қарашада өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы президент сайлауының әділ өтетініне кепілдік берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айта кетейік, Қазақстанда келесі президент сайлауы 20 қарашада өтетін болды.

Осыған байланысты бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан халқына үндеу жасады.

Президент  сайлау отандық және шетелдік байқаушылардың қатысуымен әділ әрі ашық өтетінін атап өтті.

«Мемлекет басшысы ретінде сайлау науқаны қатаң түрде заңға сәйкес өтетініне кепілдік беремін. Оны отандық және шетелдік байқаушылардың қатысуымен әділ әрі ашық өткізетін боламыз. Барша азаматтарымызды жауапкершілігін сезініп, демократия, заң және тәртіп қағидаттарын берік ұстануға шақырамын. Еліміздің бірлігі мен тұтастығын көрсете білейік. Халқымыздың тағдыры, Қазақстанның болашағы әрқайсымыздың қолымызда. Біз Әділетті Қазақстанды бірге құрамыз!» делінген үндеуде.

Новости партнеров