Жамбыл атындағы қалалық жас өспірімдер кітапханасында «Тәуелсіз еркін елденбіз» атты кеш өтті

Жамбыл атындағы қалалық жас өспірімдер кітапханасында «Тәуелсіз еркін елденбіз»  атты кеш өтті
Іс-шараға мемлекеттің дамуына үлес қосып жүрген түрлі сала мамандары қатысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл атындағы қалалық жас өспірімдер кітапханасында «Тәуелсіз еркін елденбіз»  атты кеш ұйымдастырылды. Іс-шараға мемлекеттің дамуына үлес қосып жүрген түрлі сала мамандары қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мұндай кештің мақсаты – 30 жылда жеткен жетістіктер мен атқарылған игі істерді жастарға айту, оларды да бәсекеге қабілетті болуға үндеу.

«Қадағалау  регуляция жағынан өзінің регламенті болуы мүмкін. Бірақ қазіргі таңда  білім алуға еркіндік бар, денсаулық сақтау жүйесінде өзінде қызметтерді алуға біздің халқымыздың мүмкіндігі бар. Басқа көршілес мемлекеттер мен салыстырғанда қазақ елі Қазақстан азаматтары аурауханаға барып тегін емделе алады, ол да, әрине, біздің мемлекеттің өзінің бір құрылысының ерекшелігі болуы мүмкін», – деді нейрохирург-дәрігер Мыңжылқы Бердіқожаев.

Новости партнеров