Нұр-Сұлтанда есірткі сайттарын жарнамалаған екі ер азамат ұсталды

Нұр-Сұлтанда есірткі сайттарын жарнамалаған екі ер азамат ұсталды
Жылдың басынан бері тәртіп сақшылары 120 сайтты анықтап, бұғатталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Олар трафарет арқылы тұрғын үйлер мен көлікжайлардың қабырғасына порталдардың атауларын салумен айналысқан. Бұл туралы елордалық полиция департаменті хабарлап отыр. Айтуларынша, жылдың басынан бері тәртіп сақшылары 120 сайтты анықтап, бұғатталған.  Ал ұсталған 7 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

«Бүгінгі таңда заңжобасына өзгерістер енгізіп, аталған тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсыну бойынша сұрақтар туындауда. Оларды 3 тен 6 жылға дейін бас бостандығын айыру ұсынылуда. Бұл дегеніміз аталған қылмыс ауыр қылмыстарға жатқызылуы тиіс. Себебі ол бүкіл Қазақстанға залалын тигізіп отыр»,  – деді Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бөлім бастығы Сергей ИЛЬИНЫХ.  

Ал Қарағанды облысының полицейлері әлеуметтік желілерде есірткі қосылған сағыз бен кәмпиттердің таратылуы жөнінде таралған ақпардың жалған екенін айтады. Хабарламаларда өңірдің 25 жеткіншегі наркологиялық диспансерде жатыр делінген болатын.

«Қарағанды облысы полиция департаменті азаматтарды жалған ақпарат таратпауға шақырады. Бұндай ақпараттар қоғамда дүрбелең тудыратынын естеріңізге сала кетеміз. Жалған ақпараттар немесе белгіленбеген нақты мемлекеттік органдармен негізделмеген ақпаратты әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде таратпау керек екенін ескертеміз. Жалған ақпарат таратқан үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қылмысқа тартылатынын ескертеміз», – деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің ресми өкілі Жанатай СЕМБЕКОВ.

Новости партнеров