Президент Балташ Тұрсымбаевтың отбасы мен туыстарына көңіл айтты
akorda.kz
Дәрігерлер мемлекеттік қайраткердің жүрек ұстамасынан кейін қайтыс болғанын растады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қасым-Жомарт Тоқаев Балташ Тұрсымбаевтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі БОРТ№1 Telegram каналына сілтеме жасап.
"Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Балташ Молдабайұлы Тұрсымбаевтың дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтамын. Балташ Молдабайұлы ұзақ жылдар бойы еңбек жасап, бірқатар жоғары лауазымды қызметтерді абыроймен атқарды. Қоғамымыздың дамуына бар күш-жігерін арнады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын", – делінген жеделхатта.
Алматыда 76 жастағы Балташ Тұрсынбаев 2022 жылдың 14 тамызында өмірден озды. Дәрігерлер мемлекеттік қайраткердің жүрек ұстамасынан кейін қайтыс болғанын растады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52