300​-ге жуық кәсіпкер 30 жылдық тарихы бар базардың орнына жиһаз фабрикасын салуға қарсылық білдірді

Almaty.tv
Almaty.tv
«Рахат» базарына қатысты іс шиеленіскеннен кейін кәсіпкерлер бар үмітін заңгерге артып отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Базар өзгеріссіз қалсын. 300-ге жуық кәсіпкер сауда орнына өзге нысанның салынғанын қаламайды. Жиһаз фабрикасы салынады дегенді естігендер жергілікті билікке базынасын жеткізді. Толығырақ Almaty.tv тілшісі Оразай Нұртай айтсын.

30 жылдық жуық тарихы бар үлкен базардың 250 саудагері «Рахат» базарының өз орнында қалуын талап етіп, «Жиһаз» фабрикасы салынбасын деген ұранмен сауда ошағының ортасына жиналды. Кәсіпкерлердің айтуынша, 2018 жылы қала әкімдігі жанындағы Жер комиссиясы «Рахат» базарының басқарушы компаниясына жерді жалға беру мерзімін жер зираттың «санитарлық-қорғау аймағында орналасқан» деген негізбен ұзартудан бас тартқан. Алайда саудагерлер сауда орнының аталмыш аймаққа қатысы жоғын нақты дәлелдей алатынын айтты.

«Санитарлық-қорғау аймағына біздің орнымыз кірмейді. Сенбесеңіздер, осы аумақтың жер картасы арқылы қарастыратын болсақ, бұл аймаққа мүлдем қатысымыз жоқ екенін көруге болады. Менің ойымша, бұл жай сылтау ғана, ал бізге отбасымызды асырау керек қой», – деді кәсіпкер Айбар Әлібеков.

«Рахат» базарына қатысты іс шиеленіскеннен кейін кәсіпкерлер бар үмітін заңгерге артып отыр. Жиһаз фабрикасының құрылысы басталатыны туралы сыбыс шыққалы сотқа да жүгінген. Барлық істер бойынша базардың ісі 3 жыл бойы қаралып келеді. Осыған орай сауда орнына қатысты зерттеу жұмыстарында көп дүние ескерілмей қалғанын заңгер ашық айтты.

«Бұл жерде 25 сауда үйі орналасқан. Қалай зираттың санитарлық-қорғау аймағында жиһаз фабрикасын салуға болады? Әрі заңда көрсетілгендей қала аумағында құрылыс объектісін салу үшін жер кодексінде көрсетілген талаптары бөлек. Жер комиссиясында емес, аймақтық үйлестіру кеңесінде қаралу керек. Орысша айтқанда РКС, бұл жерде «Алматы СРS» мәселесі РКС-те қаралмаған, ол жөнінде барлық құзырлы органдардан жауап алдық», – деді  заңгер Жәмила Төленова.

Әзірге құрылыс жұмыстары басталмаған. Кәсібінен айырылып қаламын деп сескенген саудагерлердің сұрақтары бойынша жауапты мамандар мен әкімдік тарапынан аталмыш іске қатысты пікір білдірді.

«Эскиздік жобасы келісілмеген қазіргі уақытта. Ары қарай олар құрылыс бастауына рұқсат алу керек. Бірақ ол қалалық құрылыс басқармасының құзыретінде», – деді  Жетісу аудандық жоспарлау және аумақтарды үйлестіру қызметінің басшысы Ержан Қажымұратұлы.

«Бұл жердегі кәсіпкерлерді ешкім қуып жатқан жоқ. Барлығы жұмысын істеп отыр. Егер керек болса, оларға да айттық, орын да бар. Базардың кез келген жерінен бос орындар бар керек болса. Ол жағынан да көмектесеміз. Тағы да айтамын, оларды ешкім қуып жатқан жоқ. Барлығы жұмысын істеп отыр», – деді Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Дамир Әкежанов.

Ал, кәсіпкерлер алаңдаған фабрика салына ма, жоқ па ? Ол әзірге белгісіз. Саудагерлер тек базардың бәз қалпында қалғанын қалайды.

Оразай Нұртай, Рашид Шүкіралиев, «Алматы» арнасы

Новости партнеров