Енді түнгі сағат оннан кейін отшашу атқан жеке тұлғаларға 69 мың теңге айыппұл салынады. Бизнес субъектілері үшін 345 мың теңге қарастырылған.
Себебі бұл уақытта фейерверк қолдану заң бойынша адамдардың түн тыныштығын бұзу болып есептеледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Ал кәмелет жасқа толмаған балалар пиротехникалық бұйымдарды пайдаланса алдымен ескерту жасалып, кейін ата-анасына 70 мың теңге көлемінде айыппұл салынады.
Пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатса 86 250 теңге мөлшерiнде айыппұл көзделген.
- Елімізде пиротехникалық бұйымдарды өндіру, сату қызметі лецензиялауға жатады. Бүгінгі күні осы қызмет түрімен айналысатын 40 астам заңды тұлға тіркеуде тұр. Ал азаматтарға ескерту ретінде айтарым, пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатқаны, өткізгені, тасымалдағаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің бірқатар баптарымен жауапкершілік көзделген, - деді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Асылбек Идрисов.
Оқи отырыңыз: Алматыда дәстүрлі Президент шыршасы өтті