Алматының орталығында журналистер сквері қайта жаңғыртылды

Алматы әкімдігі / пресс-служба акима Алматы
Алматы әкімдігі / пресс-служба акима Алматы
Реконструкция аясында кеспе тас төсеу, жиектастарды монтаждау жұмыстары жүргізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда көптеген тұрғынның сүйікті орнына айналған ҚР Орталық мемлекеттік музейінің жанындағы "Журналистер" скверін реконструкциялау аяқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сквер аумағы - 1,3 га, дені жасыл желекпен және гүлзармен көмкерілген. Саябақ орталығындағы әйгілі композитор Нұрғиса Тілендиев ескерткішінің айналасында 9 соқпақ жол бар.

1997 жылы салынған сквер жаңартуды қажет еткен, себебі бұған дейін жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Соқпақ жолдардың жабыны бұзылған. Ескерткіштің айналасындағы аумақтың да жабынын ауыстыру қажет болатын. Орындықтар мен қоқыс жәшіктері жарамсыз болып, аумақты көгалдандыруды жаңарту қажеттігі туындаған.

Реконструкция аясында кеспе тас төсеу, жиектастарды монтаждау жұмыстары жүргізілді, 12 жаңа орындық пен 14 қоқыс жәшігі орнатылды, 3,8 мың бұта мен 10 туя ағашы отырғызылды. Сонымен қатар Меңдіқұлов көшесіне қарай қосымша жаяу жүргіншілер жолы құрылды.

Бүгінде сквер - жаяу серуендеуге, көкке шығуға және балалармен демалуға ыңғайлы жер.

Оқи отырыңыз: Фронт-офис: жүргізушілер өз куәлігін ауыстыра алады

Новости партнеров