Алматыда өздігінен қозғала алмайтын мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кресло-арбаларға арналған бөлшекті жөндеу және ауыстыру бойынша тегін орталық бар. Арба жөндеу шеберханасы 470 мүгедек адамға қызмет көрсетті, деп Аlmaty.tv.
Бұл туралы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов мәлімдеді. Оның айтуынша, 2023 жылы кресло-арбаларды жөндеу бойынша кемінде 600 қызмет көрсету жоспарлануда.
- Мүгедек жандарға және мүмкіндігі шектеулі балаларға қосымша «Инватакси» қызметтері ұсынылады. «Инватакси» қызметімен қамтамасыз ету 100 автокөлікке мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ «Яндекс такси» такси агрегаторы арқылы қызметті іске асыру бойынша пилоттық жоба іске қосылды, бұл қызметке мұқтаж адамдарды қамтуды ұлғайтуға мүмкіндік берді, - деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов.
Сонымен қатар мүгедек адамдарды жан-жақты қолдау және оларды қоғамға интеграциялау үшін қалада 2020 жылдың мамыр айынан бастап «Ten Qogam» әлеуметтік қолдау орталығы жұмыс істейді.
- Биыл Алматы қаласы әкімінің «Ten Qogam» мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау орталығы» әлеуметтік жобасын ауқымын кеңейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес Алматы қаласы бойынша 7 орталық ашу жөнінде шаралар қабылданды. Жыл басынан бері «Ten Qogam» орталықтарында 3 065 адамға қызмет көрсетілді, - деді Бауыржан Жаубасов.
Оқи отырыңыз: Алматылық оқушылар қарияларға қуаныш сыйлады