Атырау облысында терең шұңқырға құлап кеткен бүлдіршін құтқарылды

08.09.2024 22:59

Құтқарушылар ата-аналарға баланы қараусыз қалдырмауды ескертеді

elements.envato.com

Атырау облысында құтқарушылар екі жасар баланы үш метрлік шұңқырдан алып шықты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға Атырау облысы Индер ауданы Индербор кентінде болған.

«№5 ӨСБ жүгізуші қызметкері Нұрлыбек Саламатов оқиға орнына әріптестерімен бірге келіп, жанқиярлықпен батыл әрекет етті. Өзге құтқарушылар Саламатовтың аяғынан ұстап тұрды, ал ол кішкентай қыз балаға жетіп, оны қауіпті аймақтан тез шығарып алды. Балаға медициналық көмек қажет болған жоқ», - делінген хабарламада.

ТЖМ ата-аналарға жауапкершілік туралы ескертеді, ешбір жағдайда балаларды қараусыз қалдырмаңыз.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық құтқарушы қыз әлем чемпионатында жаңа рекорд орнатты