Сақ болыңыз: кезекті құрылыс компаниясы жоқ пәтерлерді ұсынады

15.12.2022 в 22:46

Қазіргі таңда қала құрылысын бақылау басқармасы құрылыс салушыға қатысты жоспардан тыс тексеруді бастады

Желіде Graff премиум класты ТҮК пәтерлер сату туралы хабарландырулар тарап жатыр. Құрылыс салушы «Қарағайлы құрылыс» ЖШС қолма-қол есеп айырысудан бастап ипотекалық несиелеуге дейінгі сатып алудың түрлі нұсқасын ұсынады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алайда ТҮК-те жобалау алдындағы құжаттама алынбаған, авторлық және техникалық қадағалау жоқ, жер телімі үй салуға емес, жеке қосалқы шаруашылық жүргізуге арналған.

Қазіргі таңда қала құрылысын бақылау басқармасы құрылыс салушыға қатысты жоспардан тыс тексеруді бастады. 

Жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын салынып жатқан ТҮК құжаттарының бар-жоғын тексеру қажет.

Мұны Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасының +7 (727) 229-81-36 жедел желісі арқылы білуге болады.