|
28.11.2019 | 17:48
2292

Ирактағы 14 қазақстандық бала елге қайтарылды

"Русафа" операциясы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 27 қараша күнгі тапсырмасы бойынша жүзеге асты

Ирактағы 14 қазақстандық бала елге қайтарылды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 27 қараша күні берілген тапсырмасы бойынша жүзеге асырылған гуманитарлық акция нәтижесінде Қазақстанға Ирак түрмесінде өз аналарымен жатқан 14 қазақстандық бала жеткізілген. Олардың аналары террористік әрекетке қатысқаны үшін сотталып, қазіргі таңда сол елдегі түрмеде жазасын өтеп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Гуманитарлық акцияны балалардың аналары мен туған-туыстарының сұрауы бойынша Сыртқы істер министрлігі бірқатар мемлекеттік органдармен, отандық үкіметтік емес құрылымдармен және халықаралық ұйымдармен бірігіп жүзеге асырды. Құжаттандыру мәселесі мен оңалту кезеңі аяқталғаннан кейін балалар өз туыстарымен қауышады.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қарулы қақтығыс аймақтарынан балаларды елге қайтару бойынша «Жусан» операциясы үш мәрте өткізілген болатын. Нәтижесінде 400-дей балғын атамекеніне оралды. Енді "Русафа" операциясымен де 14 бүлдіршін Отанына келді. Бұл әрекетпен Қазақстан өз азаматтарын қиын жағдайда қалдырмай, қол ұшын созуға әрқашан дайын екенін көрсетіп отыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

Ирак
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир