Алматы зообағында ягуар төлдеді

08.01.2020 в 22:48

Зообақ өкілдері кішкентай ягуарға ат қоюға арнайы байқау жариялайды

Алматы зообағында ягуар төлдеді, деп хабарлайды Тengrinews.kz.

«Құрметті достар! Бізде жағымды жаңалық! Зообағымызда ягуар төлдеді. Кішкентай ұрғашы ягуар қолайлы жағдайда өсіп келеді. Денсаулығы жақсы. Баршаларыңыздан құттықтаулар мен ізгі тілектер қабылдауға әзірміз», - делінген зообақтың Facebook желісіндегі парақшасында.

Сонымен қатар, зообақ өкілдері кішкентай ягуарға ат қоюға арнайы байқау жариялайды.

«Ұсыныстарыңызды күтеміз», - делінген хабарламада.