Қордың мақсаты – қиын жағдайға ұшыраған мақтааралдықтарға қолдау білдіру
Су тасқынынан зардап шеккен мақтааралдықтарға көмектесу үшін арнайы қор ашылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы су тасқынына орай жарияланған төтенше жағдайға байланысты әлеуметтік желіде Мақтаарал тұрғындарына көмек көрсету бойынша жалған қорлар құрылып, қаржы жиналып жатыр. Бұл фактімен Ішкі істер департаменті айналысуда. Қиын жағдайға ұшыраған мақтааралдықтарға қолдау білдіруші қайырымды азаматтар үшін төмендегідей қордың жұмыс істейтінін хабарлаймыз», - делінген хабарламада.
«Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры.
Түркістан қаласы, Қызылорда тас жолы 34А
БСН: 100440016000
Кбе 18, КНП – 119,
«Halyk Bank» АҚ ИИК: KZ886010001000002491
БСК HSBKKZKX