Алматыға Джек Ма қоры жіберген гуманитарлық көмектің екінші партиясы жеткізілді

Almaty.tv
Almaty.tv
Бұл жолғы медициналық көмек Қытайдың Шицзячжуан қаласынан әкелінді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлемге әйгілі миллиардердің Қазақстанға гуманитарлық көмегінің 2-ші партиясы жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Alibaba Group компаниясының негізін қалаушы Джек Ма бұған дейін біздің елге 4 жарым тоннаға тең медициналық-гуманитарлық көмек жіберген еді. Бұл жолғы медициналық көмек Қытайдың Шицзячжуан қаласынан Алматыға жеткізілді. Транзитпен келген жүк Қазақстанның Қытайдағы елшілігінің қолдауымен іске асты.

Алматыға шет мемлекеттен әкелінетін қандай да бір гумнаитарлық көмек осы кедендік аумаққа орналастырылады. Қытайдан әкелінген бұл гуманитарлық көмек те тиісті жерге қойылды. Әрбір құрылғының сапасын өз дәрижесін сақтау мақсатында, оларды -20 градус салқын жерде сақтауы тиіс екен.

Мәселен, көк жәшіктің ішіндегі өкпені жасанды жолмен желдету құрылғысының айналасы қоршалған мұз. Өйткені, тиісті температура деңгейін сақтамаса, сапасы жоғалатын көрінеді. Бұл жолғы келген медициналық көмекте осындай құрылғының 30 мың данасы бар. Бұдан бөлек, 50 мың 16 дана экспресс тестілер әкелінді. 
Айта кетейік, Қытай мен Қазақстан арасындағы серіктестік арқасында елімізге жеткізіліп отырған бұл жетінші медициналық-гумманитарлық көмек.

«Қазір елімізге төнген қауіпті кезеңде Қытайдағы серіктестеріміз көптеп қол ұшын созып жатыр. Қазақстан Үкіметінің атынан «Джек Ма» және «Alibaba Group» қорларына алғыс білдіргім келеді. COVID-19 індетімен күресте бұл біз үшін маңызды көмек болмақ. Алдағы уақытта да Алматыға Қытай үкіметі партиясының ұйымдастыруымен көмек жеткізілетін болады», - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің алматыдағы өкілдігінің басшысы Ерлан ЫСҚАҚОВ.

Гуманитарлық көмек Алматыға Бішкек арқылы жеткізілді. Бұл медициналық құралдар Қазақстанның барлық өңірлеріне белгіленген мөлшермен таратылады. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігің хабарлауынша, алдағы уақытта Кореядан көмек келеді.

Айта кету керек, бүгінде күллі әлем коронавируспен күресіп жатыр. Ал індетті жеңудің бірден-бір жолы – карантин талаптарына бағынып, тазалық шараларын қатаң сақтау болып тұр.

Ұлағат Арғын, Валерий Таубалдиев, «Алматы» арнасы


Новости партнеров