Фитнеске 40 млн теңге: Азат Перуашев халықтың ақшасына демалатын менеджерлерді сынға алды

17.03.2021 22:49
Almaty.tv

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев ұлттық компаниялардың топ-менеджерлері СПА мен фитнеске мемлекет қазынасынан миллиондап ақша жұмсайтыны жайында мәселе көтерді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айтуынша, ол жерде сыбайлас жемқорлық схемалары үнемі шығады, ал сыртқы қарыздың көп бөлігі квазимемлекеттік секторға тиесілі. Топ-менеджерлер компанияның қыруар шығынына қарамастан өздеріне миллиондап сыйақы жаздыратын көрінеді. 

«Біздің ойымызша, ұлттық компаниялардың бюджеті ашық болған жағдайда, пандемия кезінде дәрі-дәрмек тапшылығынан көз жұмған адамдардың өліміне бей-жай қараған "СК-Фармация"-да ондаған миллион теңге сыйақы төлеу деген дүниелер болмас еді. Немесе тағы бір мысал, мемлекеттік кәсіпорын салық төлеушілердің ақшасынан өз менеджерлеріне фитнес пен СПА-ға 40 миллион теңге төлейді. Ал бұл тек жұртқа мәлім фактілер ғана», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев.

Теги: заявление