Ұлттық бюроның мәлімдеуінше, судьяға қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық сотының судьясы 500 мың теңге көлемінде пара алды деп айыпталуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Маңғыстау облысындағы департаменті ҚР Жоғарғы соты Ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлескен кешенді арнайы жедел-іздестіру шаралары мен жасырын тергеу жұмыстары нәтижесінде Жаңаөзен қалалық соты судьясының парақорлық фактісін анықтады. Лауазымды тұлға Жаңаөзен қаласы әкімдігі Жаңаөзен жер қатынастары бөлімінің талап қоюын қараусыз қалдыру туралы үкім шығару үшін Жаңаөзен қаласы әкімдігінің қызметкері арқылы екі азаматтан 500 мың теңге пара алғаны үшін күдікті деп танылды», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының баспасөз хатшысы Арман Бердалин елордада өткен брифингте.
Ұлттық бюроның мәлімдеуінше, судьяға қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.