Қосановтың Қызылордадағы штабы аймақтағы ірі кәсіпорындарда болды

Қосановтың Қызылордадағы штабы аймақтағы ірі кәсіпорындарда болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үгіт-насихат жұмыстарының аяқталуына санаулы сағат қалды. Ел президенттігіне үміткерлер де, олардың республикалық және облыстық штабтары да осы уақытты тиімді пайдалануға тырысып жатыр. «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің атынан сайлауға түсіп отырған Әміржан Қосановтың Қызылорда облысындағы сенімді өкілдері бұл жолы аймақтағы ірі кәсіпорындардың біріне барды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жиында саяси құжаттың бірнеше бағыты сөз болғанымен, қатысушылар онда нақты өңірлерді дамыту және еңбек адамының мәртебесі сияқты мәселелерге ерекше назар аударды.

«Біз Қызылорда жылу электр тарату орталығының қызметкерлерімен кездесіп, оларды өз үміткеріміз Әміржан Қосановтың тұғырнама бағыттарымен таныстырдық. Ұжым қызметкерлеріне және басшылығына алғысымызды айтамыз», – дейді.  ҚР Президенттігіне үміткер Әміржан Қосановтың облыстық сайлауалды штабының жетекшісі Сәкен АЛДАШБАЕВ.

Бұл орталық қазір жүздеген адамды жұмыспен қамтып отыр. Сондықтан жиында экономикалық сектор және әлеуметтік мәселелер көтерілді. Бұдан бөлек, тұрғындар саяси құжатқа қатысты ойларын ортаға салып, ұсыныс білдіруге мүмкіндік алды. Әміржан Қосановтың сайлауалды штаб  өкілдері сондай-ақ Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай және Қарағанды облыстарына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті.

Новости партнеров