Нұр-Сұлтанда Жамбыл Ахметбековты қолдаушылар флешмоб ұйымдастырды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елордалық жастар кандидат Жамбыл Ахметбековты қолдау мақсатында флешмоб ұйымдастырды. Белсенділер тобы қала алаңдарының біріне жиналып, таңғы жаттығу жасады.

«Біздің партия қашанда салауатты өмір салтын қолдайды. Жастар күні бойы кешке дейін интернет алдында отырмауы керек. Яғни, осындай іс-шаралар арқылы жастардың арасында, жалпы халықтың арасында салауатты өмір салтын насихаттауымыз керек. Қазақ халқында «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген мақал бар. Қазір жастардың жаппай спортпен айналысуы қажет деп білеміз», – деді ҚКХП қалалық сайлауалды штаб жетекшісі Нұрмахан ОРАЗХАНОВ.

«Меніңше, салауатты өмір салтын ұстану үшін күнде спорт залына бару міндет емес. Ол үшін күнделікті таңертең жаттығулар жасаудың өзі жеткілікті. Бүгін еліміздің белсенді жастары үміткер Жамбыл Ахметбековты қолдауға арнап флешмоб өткізді.  Мен де оған қуана қатыстым», – деді топтың белсенді мүшесі Ислам СҰҢҚАР.

Акция соңында партиялықтар Жамбыл Ахметбековтың сайлауалды баяндамасымен таныстырды. Сонымен қатар партияның негізгі бағыттарына тоқталып, жастарды алдағы сайлауға белсенді қатысып, лайықты үміткерге дауыс беруге шақырды.

Новости партнеров