Жеке кәсіпкерлер үшін сақтандыру жарнасының мөлшерлемесі қысқарды

Жеке кәсіпкерлер үшін сақтандыру жарнасының мөлшерлемесі қысқарды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру заңына өзгерістер енгізілді. Ол бойынша жеке кәсіпкерлер төлейтін жарна мөлшерлемесі қысқартылды. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев хабарлады.

Айтуынша, заңның алдыңғы нұсқасы бойынша жеке кәсіпкерлер 2020 жылдан бастап Қорға ай сайын 2 ең төменгі жалақының (ЕТЖ) 5 пайызын аударуы тиіс болатын. «Соңғы өзгерістер бойынша кәсіпкерлер 1,4 ең төменгі жалақының 5 пайызын аударуы тиіс. Ал, салықтық есеп тапсыруды тоқтатқан жеке кәсіпкерлер 1 төменгі жалақының 5 пайызын аударатын болады. Бұл санаттағылардың бәрі жарнаны 2020 жылдан бастап аударады», - деп түсіндірді Тілеухан Әбілдае

Естеріңізге сала кетсек, биыл МӘМС жарнасын тек жұмыс берушілер ғана төлейді. Олар төлейтін аударым сомасы жұмыскер табысының 1,5 пайызына тең. Сонымен қатар, жарна алынатын табыстың максималды мөлшері де қысқартылды. Бұрын 15 ең төменгі жалақыдан асқан табыстан зжарна аударылмайтын болса, қазір бұл көрсеткіш 10 ЕТЖ дейін қысқартылды.

Новости партнеров