Almaty TV Қазақстандағы міндетті телеарналар тізіміне енді

 Almaty.tv
Almaty.tv
Телеарна 1999 жылдан бері жұмыс істеп келеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі конкурс қорытындысы бойынша жалпыұлттық хабар таратушы телекомпаниялардың тізімін жариялады. «Алматы» телеарнасы Қазақстан Республикасының барлық аумағында көрсетілуге міндетті арналар тізіміне енді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Телеарна 1999 жылдан бері істеп келеді. Арна еліміздің барлық өңіріне хабар таратты. Көрерменіне ақпараттық, сараптама, танымдық және ойын-сауық бағдарламаларын, көркем және деректі фильмдерді, сондай-ақ арна түсірген сериалдарды ұсынды.

«Алматы» телеарнасы интернет-платформалар арқылы да өз контентін белсенді насихаттайды. Тек бір ғана YouTube-тегі «Almaty TV» арнасына миллионға жуық көрермен жазылған.

Рейтингтерге сәйкес, Almaty TV тек қала тұрғындары ғана емес, еліміздің барлық өңірінен келген көрерменнің көңілінен шығады.  Олардың сұранысын қанағаттандыра отырып, телеарна эфир кестесін оңтайландырып, жаңа бағдарламалар мен жобаларды түсіріп, көрермен қатарын көбейтуді жалғастырып келеді.

Новости партнеров