Екібастұзда энергетикалық нысан желілерінің 90 пайызы тозған

Almaty.tv
Almaty.tv
Павлодар облысында төтенше жағдай жарияланған еді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Екібастұздағы энергетикалық нысандардың желілері 91 пайызға тозып тұр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өңір басшысы Асайын Байхановтың айтуынша, соңғы жылдары бұл салаға инвестиция тиісті деңгейде тартылмаған. Павлодардағы жылу желілерінің де 86 пайызы ескірген. Дегенмен, Асайын Байханов өңір жылыту маусымына толықтай дайын деп сендіріп отыр.

– Өңірде жылу желілерін жөндеу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілгенін айтқым келеді. 128 шақырым жылу құбырлары жөнделді. Бұл мақсатқа 22 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсалды, – деді Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов.

Павлодар облысында дауылдан үйлердің шатыры ұшып, қатты зақымдалған еді. Әкім жөндеу жұмыстары 10 желтоқсанға дейін қалпына келтірілетінін айтты. Дауыл салдарынан 3 қала мен 6 ауданда 83 әлеуметтік нысан, 63 көппәтерлі және 84 жеке тұрғын үй зардап шекті. Салдарынан төтенше жағдай жарияланған еді.

– Дауылдан электр беру желілерінің 100-ден астам тірегіне зақым келді, 246 апаттық ажырау салдарынан 117 елдімекен жарықсыз қалды. Бірінші тәулікте 99 ауылға жарық берілді. Қалған 18 ауылда құлаған ағаштарды жинау, зақымдалған трансформаторлық стансаларды қалпына келтіру сияқты жұмыстар жүргізілді. 22 қарашадан бастап облыстың барлық елдімекенінде электр энергиясы қалпына келтірілді, – деді Асайын Байханов.

Оқи отырыңыз: Шымкенттік келіншек туған баласын сатпақ болған

Новости партнеров