«Тұмар» ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары анықталды

Almaty.tv
Almaty.tv
Ұлттық телевизиялық бәйгесі 12 номинация бойынша байқау жариялаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Тұмар» ұлттық бәйгесінің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv

Телевизиялық шеберлік саласындағы «Тұмар-2023» ұлттық телевизиялық бәйгесі 12 номинация бойынша байқау жариялаған.

2023 жылы бәйгеге қатысы үшін 300-ге жуық өтінім келіп түсті, ең көп өтінім «Үздік тележүргізуші», «Үздік тележурналист», «Үздік әлеуметтік жоба» номинациялары бойынша қабылданды. «Тұмар» ұлттық байқауына республикалық және аймақтық телеарналар, студиялар және кәсіби телевизиялық контент шығаратын компаниялар қатысты.

Биыл алғаш рет «Үздік спорт комментаторы» және «Үздік журналистік зерттеу» номинациялары бойынша журналистер өз бағын сынайды.


Жеңімпаздар телевизиялық өнер саласындағы ең жоғары жетістіктері үшін «Тұмар» мүсіншесінің және 1 миллион теңге көлеміндегі қаржылай сыйақының иегері атанды.

 «Тұмар-2023» Ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздары:

Үздік ақпараттық бағдарлама

«Дневной формат» – «Atameken Business» телеарнасы

Үздік әлеуметтік жоба

«Жанашыр» – «Жетісу» телеарнасы

Үздік журналистік зерттеу

«Арнайы репортаж» – «Хабар 24» телеарнасы

Үздік аналитикалық бағдарлама

«Apta» – «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы

Үздік ток-шоу

«1001 түн» – «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы

Үздік ойын-сауық бағдарламасы

«Түнгі студия» – «Jibek Joly» телеарнасы

Үздік деректі фильм

«Абайдың соңғы күндері» – «Хабар» телеарнасы (Камал Смайылов атындағы арнайы сыйлық)

Үздік анимациялық фильм

«Дәрігер Дана» – «Rio Production» ЖК (Әмен Қайдаров атындағы арнайы сыйлық)

Үздік аймақтық телеарна

«Caspian News» – Атырау қаласы

Үздік тележурналист

Әйгерім Мұздыбаева – Бірінші канал «Евразия»

Үздік тележүргізуші

Светлана Булатова – «КТК» телеарнасы

Еркін Байғабылұлы – «Хабар 24» телеарнасы

Үздік спорт комментаторы

Есей Жеңісұлы– «Qazsport» телеарнасы

(Аманкелді Сейтханов атындағы арнайы сыйлық)

Арнайы жүлде «31 арна» телеарнасына отандық телевизия саласының дамуына қосқан үлесі үшін табысталды.


«Тұмар» — Ұлттық телевизиялық бәйгесі 2017 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен құрылғанын еске салайық

Сыйлықтың негізгі мақсаты — кәсіби қоғамдастықтың жыл сайынғы әділ бағалауы арқылы қазақстандық теле индустриясының дамуын ынталандыру.

Новости партнеров