Қазақстанда ҰҚШҰ-ның бірлескен оқу-жаттығуларына арналған техниканы жөнелту жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқу-жаттығулар туралы ақпарат қорғаныс министрлігінің ресми сайтында жарияланған. Шара 26 қыркүйектен 8 қазанға дейін Жамбыл және Алматы облыстарында өтеді. Оған ҰҚШҰ-ның ұжымдық жедел ден қою күштерінің «Өзара іс-қимыл-2022», «Іздеу-2022», «Эшелон-2022» қатысады.
«Осыған байланысты елімізге ұйымға мүше мемлекеттердің әскери контингенттері келеді. Әскери техниканың қозғалысы теміржол, әуе көліктерімен және дөңгелекті техникамен жүзеге асырылады. Бұл тұрғыда азаматтарды әлеуметтік желілерде таралатын түрлі қауесеттерге ермеуге, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз», – делінген хабарламада.