Төлеутай Рақымбековтың өкілдері Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарымен кездесті

Төлеутай Рақымбековтың өкілдері Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарымен кездесті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан халқының 43 проценті ауылдарда тұрады. Сондықтан, олардың мәселесіне бей-жай қарамай, әлеуметтік жағдайын көтеру керек. Оның ішінде жұмыссыздық, баспана және тұрмыстық жағдайдың төмендігі де бар. Төлеутай Рақымбековтың Солтүстік Қазақстан облысындағы сенімді өкілдері жергілікті тұрғындармен кездесіп, үміткер бағдарламасындағы осы тетіктерді кеңінен талқылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Төлеутай Рақымбеков ауыл шаруашылығы саласында біраз жыл еңбек етті. Елдімекендердің мәселесін бүге-шігесіне дейін біледі. Соған сәйкес, сайлауалды бағдарламасында оны шешу жолдарын ұсынады. Солтүстік Қазақстан жұрты оны қызу талқылап жатыр», – дейді ҚР Президенттігіне үміткер Төлеутай Рақымбековтың өңірдегі сенімді өкілі Иван КЕНДЮХ.

Үміткер бұл арқылы жаппай халықты  ауылға барып тұруға шақырмайды. Ол тек қала мен ауыл арасындағы айырмашылықты азайтып, байланысты нығайту керектігін айтады. Мәселен, шалғай елдімекендерде жеке шаруашылықтар жанданса, аудан мен облыс орталықтарында сол өнімді өңдеуді жолға қоюға болады. Айналып келгенде, бұл ел экономикасының алға жылжуына мүмкіндік ашады деді өкілдер.

«Бәріміз ауылдың ахуалына қанықпыз. Ауылдардың құлдырап бара жатқаны, кейбірінің тіпті иесіз қалғанына ішіміз ашиды. Сондықтан мен өз басым ауылды көтерем деген адамды қуана қолдаймын», – деді  кездесуге келген тұрғын Жарылғап ШЕГІРҰЛЫ.

Новости партнеров