Е. Бабақұмаров саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі қалалық комиссияның төртінші отырысын өткізді

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы
Іс-шараға қалалық комиссияның барлық 9 жұмыс тобының, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі» КММ басшылары қатысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2021 жылдың 1 қазанда Алматы қаласы әкімінің орынбасары, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері жөніндегі қалалық комиссияның төрағасы Ержан Бабақұмаровтың төрағалығымен бейне-конференц-байланыс арқылы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі қалалық комиссияның төртінші отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараға қалалық комиссияның барлық 9 жұмыс тобының, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі» КММ басшылары қатысты.

Жиында топтардың зерттеу жұмыстарының барысы, сондай-ақ ғалымдардың жұмысын ұйымдастыру, мұрағаттардан қажетті құжаттарды алу, ғылыми жинақтарды, ғылыми-зерттеу іс-сапарларын дайындау бойынша ағымдағы мәселелер қаралды.

Қалалық комиссия төрағасының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы Б. Жангуттин саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша тұлғалар мен жаңа санаттарды анықтау бойынша жұмыстың алдын ала

нәтижелері, жобалар, іздестіру және ғылыми қызмет туралы баяндады.

Отырыс барысында саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша зерттеу жұмыстары туралы баяндаған жұмыс топтарының жетекшілері Ш. Забих, М. Губайдуллина, А. Өтеғалиева, Н. Алпысбаева Б. Кабдушев, Г. Нұрымбетова, Г. Мұқанова, Т. Құлтаев, З. Төленова баяндама оқыды.

Новости партнеров