|
21.04.2023 | 17:54
597

Әуежай қызметкерлері мен авиақалашық тұрғындары Наурыз мейрамын атап өтті

Ең үздік киіз үй марапатталады

Әуежай қызметкерлері мен авиақалашық тұрғындары Наурыз мейрамын атап өтті Almaty.tv

Бүгін әуежай қызметкерлері мен авиақалашық тұрғындары Наурыз мейрамын атап өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Киіз үй тігіліп, аста төк дастархан жайылды. Үлкендер батасын беріп, үлгі-өнеге көрсетсе, жастар сауық құрып, көңіл көтерді. Іс-шара барысында Алматы Халықаралық әуежайының президенті жұртшылықты айтулы мейраммен құттықтап, тігілген 8 киіз үйдің ең үздігін марапаттайтынын айтты.

«Күнделікті жұмыс, онымен қоса әркімнің мәселесі, жеке басының қиындығы бар дегендей. Сол себепті де бүгін Наурыз мейрамын атап өтіп, көңіл көтереміз деп шештік. Әдетте бұл мейрамды әуежай қызметкерлері ғана атап өтетінбіз. Биыл авиақалашықтың тұрғындарын да қуантқымыз келді. Сонымен қатар, осы сәтті пайдаланып, қазақ халқына алғыс айтқым келеді. Түрік ағайындар қиналғанда, киіз үйлерді апарып, дер кезінде көмек қолын созды», – деді Алматы халықаралық әуежайының президенті Алп Ер Тунга Ерсой.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир