Елімізде 5G желісі қай қалада іске қосылады

сурет: Etu.ru
сурет: Etu.ru
Операторлар жылдам интернеттің инфрақұрылымын дайындауға кіріскен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл еліміздің үш негізгі қаласында 5G желісі іске қосылады. Қазір операторлар жылдам интернеттің инфрақұрылымын дайындауға кіріскен. Бастама қандай деңгейде жүргізіліп жатыр? Бұл сұраққа Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі телекоммуникация комитеті төрағасының орынбасары Гүлнәр Бүкеева жауап береді, деп хабарлайды Almaty.tv.

– Гүлнәр Сембекқызы, қайырлы кеш! Алғашқы сауалымыз 5G интернеті қай өңірлерді қамтиды?

– 2022 жылдың соңында 5G технологиясын енгізуге байланысты аукцион жүргізілді. Радиостанциялық каналдарды операторларға сату нәтижесінде 160 млдр теңге бюджетке түсті. Осы радио желілік спектрлерді қолдануға тиісті қажетті құжаттар рәсімделіп, міндеттемелермен бірге операторларға үкім берілді. Осыған сәйкес, 2027 жылға дейін республикалық қалалардың 75 пайызын 5G технологиясымен қамту туралы міндеттеме жүктелді. Бұл жұмысты 2021 жылы бастаған болатынбыз. Операторлар өз есебінен пилоттық станциялар орнатты, қазір Түркістан, Шымкент, Астана, Алматы қаласында жұмыс істеп тұр.

– Қазір елімізде тұрғындар ұялы байланыс қондырғысының үй шатырына орнатылуына қарсы болып жатыр. Халық қандай мәселе алаңдатады?

– Қазір бұл сұрақ өте өзекті болып тұр. Себебі, тұрғын-үй шатырында базалық станция орнату үшін сол үйдің тұрғындарының үштен екі  бөлігі рұқсат беруі тиіс. Рұқсат алған күннің өзінде, БС орнатуға бір тұрғын қарсы болса, опеторларға оны алып тастауға мәжбүр. Қазіргі нормативтік-құқықтық талаптарға сәйкес, тек қана келісім болуы тиіс.

– Гүлнәр ханым, халықтың алаңдауына негіз жоқ па?

– Радиофобия, кейбір тұрғындардың ойы. Ал былай нақты алған кезде олардың радио сәулелерінің қуаты қысқа толқынды пештен де аз.

Новости партнеров