|
18.06.2022 | 17:54
4761

Қазақстан аумағынан күнбағыс майын әкетуге шектеу қойылды

Шектеу шаралары 18 маусым мен 31 тамыз аралығын қамтиды

Қазақстан аумағынан күнбағыс майын әкетуге шектеу қойылды blagoevgrad

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ел аумағынан күнбағыс майын әкетуге шектеу қойылғанын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Қазақстан аумағынан күнбағыс майын әкетуге 18 маусымнан бастап 31 тамызға дейін шектеулер енгізілді.

«Күнбағыс майын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге сандық шектеулер бағаларды тұрақтандыру және сыртқы нарықтарда жоғары сұранысқа байланысты нарықта тапшылықтың туындауын болдырмау мақсатында енгізілді», - деп көрсетті Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Жоғарыда көрсетілген бұйрыққа сәйкес күнбағыс майын Қазақстан Республикасының аумағынан әкету Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшелерімен берілетін фитосанитариялық сертификат болған кезде ғана жүзеге асырылатын болады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир