Пияздың бағасы қыста қандай болады

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Бұл туралы Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев айтып берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мәжілістегі Үкімет сағатынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев пияз бағасының қыста 500 теңгеге дейін бармайтынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Мәжіліс кулуарында БАҚ өкілдері айналым схемасы бағаны тұрақтандырудың емес, арадағы делдалдарды байытудың құралына айналып бара жатқаны туралы сауал қойды.

Вице-министрдің айтуынша, айналым схемасы бұдан былай тек Қазақстанда өндірілмейтін өнімдерге қолданылады.

«Биыл және осыдан былай әрдайым былай істегелі отырмыз. Әлеуметтік маңызы бар ауыл шаруашылығы тауарларын сатып алуға 100 млрд теңге бөлінетін болса, соның 70 пайызы тікелей өндірушілерге бағыттаймыз. 30 пайыз өнім өзімізде өндірілмейді немесе жеткіліксіз мөлшерде өндіріледі. Осындай жағдайларға ғана айналым схемасы қолданылады. Бірақ, оған қатысушылар, ең бастысы, қатаң міндеттеме алады. Мысалы, мен ақшаны 5 пайызбен сізге беремін, сіз ол ақшаның тауардың құнына және қажетті көлемге айналдырасыз. Оның үстіне жыл бойында баға секірісі болмау керек деген қатаң міндеттеме болады», - деді вице-министр.

Сондай-ақ ол пияз бағасы биыл қыста 500 теңгее дейін қымбаттамайтынын айтты.

«Пияз бағасының өсетін кезі – қыс. Ондай болмау үшін мына индикативтік баланс арқылы бізге қанша өнім керек екенін, қала тұрғындарына қандай қор керек екенін біліп отырмыз. Биыл қыста пияз бағасы 500 теңге болмайды», - деді Арман Шақалиев.

Новости партнеров