Енді субсидия тек суды үнемдейтін шаруаларға беріледі. Елімізде қазір суармалы су тапшы болып тұр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, ысырапшылдыққа жол бермеу мақсатында егістік алқаптарында тіршілік нәрін үнемдеу технологиялары қолданысқа енгізілген. Мұндай жерлердің көлемі бүгінде 21 мың гектардан асады. Көрсеткішті биыл 300 мың гектарға дейін жеткізу көзделген.
«Айта кету керек, суармалы судың жетіспеушілігі проблемалы мәселе болып отыр. Сонымен қатар суды ысырап етуге жол берілмеу керек. Фермер үшін шешім – су үнемдейтін технологияларды енгізу болуы керек. Егер мұндай технологияларды енгізетін фермер үшін «оң шешім» инвестициялық субсидиялаудың жоғарылауы болса, онда «теріс шешім» – суға жұмсалатын шығындар артады», – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.