Шетелдегі қандастарымыз бен өзге ұлт өкілдері қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

22.03.2021 в 22:55

Өз сәлемдемелерінде олар игі жақсылықтарды тілеп, ақ ниет, ізгі тілектерін жолдады

Шетелдегі қандастарымыз бен өзге ұлт өкілдері де қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтауда шетте қалған жоқ. Өз сәлемдемелерінде олар игі жақсылықтарды тілеп, ақ ниет, ізгі тілектерін жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Құрметті қазақ елі, сіздерге Германиядан сәлем! Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын! Жаңа жыл баршаларыңызға жақсылық, мол ырыс әкелсін», – деді Германиядан Гүлшат Бәдел.

«Түркі халықтарының ежелден қалыптасқан жыл бастау мерекесі Наурыз құтты болсын! Түркияның ата-жұрты Қазақстанға Түркиядан жалынды сәлем», – деді Түркиядан Гамзэ Нұр Налбант.

«Құрметті қазақстандықтар, сіздерді Өзбекстан халқы атынан  Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Денсаулық, табыс тілейміз», – деді Өзбекстаннан Бахром Гаппаров.