Құрбан айттың бірінші күнінде 47 мыңға жуық отбасыға ет берілді

10.07.2022 23:09

Басқарма желісінде барлығы 14,5 мың бас мал сойылды

muftyat.kz


Құрбан айттың бірінші күні 47 мыңға жуық мұқтаж отбасыға ет берілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сайтына сілтеме жасап.

Басқарма желісінде барлығы 14,5 мың бас мал сойылды, оның 2600-і qurban2022.kz сайты арқылы орындалды. Бір күнде елімізде 46 807 отбасыға зекет берілді.


Еске салсақ, онлайн форматта құрбандық шалудың үшінші күні ертең (11 шілде) сағат 16:00-ге дейін жалғасады. Оның көмегімен құрбандық малын сатып алу ақысын төлеп, рәсімді қашықтан жасай аласыз.