Тұрғын үй бағасы қалай құбылады

inbusiness.kz
inbusiness.kz
Биыл жаңа тұрғын үйдің бағасы 20 пайызға өскен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлттық статистика бюросының дерегінше биыл жаңа тұрғын үй бағасы – 20, ал ескі пәтер – 27 пайызға дейін өскен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Жаңа тұрғын үй бағасы елордада, ал Алматыда нарықтағы ескі үйлер қымбат.

«Тұрғын үй ғана емес, қазіргі таңда бәрі қымбаттап жатыр. Бірақ тұрғын үйдің бағасына құрылыс материалының қымбаттауы әсер етеді. Сондай-ақ өткен жылы азаматтардың 3 триллионнан артық  қаржыны алып, оны көбінесе тұрғын үйге жұмсағаны әсер етті. Ал биыл құрылыс материалының көбі Ресейден әкелінді. Сондықтан жаңа үйдің қымбаттауына құрлыс материалдары себеп болды. Ал ескі үйлердің бағасына не әсер етеді десек, азаматтар үйін қымбат сатуға тырысады. Жалға беретін үйдің қымбаттауына әсер ететіні ол – тапшылық. Сатып алу мүмкіндігі жоқ азаматтар жалға алады», – деді экономист Меруерт Махмұтова.

Алдағы жаз, күз айларында жаңа, ескі, жалға берілетін тұрғын үйлердің құны қалай құбылуы мүмкін? Мамандардың болжамы қандай?

«Алматыда тұрғын үй бағасы  Нұр-сұлтан қаласынан да қымбат. Біріншіден, қаладағы сатылатын үйлердің саны артып келеді. Сондықтан келешекте үйдің бағасы қымбаттай береді деп айтпас едім, себебі бізде жылдың басынан бері баға өсіп жатыр. Инфляция республикалық бюджетті 6 пайыз деп еді, қазір 14 пайыздан асып тұр. Жылдың аяғына дейін 20 пайызға дейін барып қалуы мүмкін. Оған енді мұнайдан түсетін табыс әсер етеді. Сондықтан үй аламын деген азаматтар асықпай бағаның тұрақталғанын күткені жөн. Азаматтардың сатып алатын мүмкіндігі  де шектеулі», – деді Меруерт Махмұтова.

Новости партнеров