Елорда мен Алматыда неліктен коронавирус жұқтыру жағдайлары артып кетті

08.05.2020 22:58

Елжан Біртанов жағдайға қатысты түсініктеме берді

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елорда мен Алматыда коронавирус жұқтыру жағдайының артуына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Almaty.tv coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бұл жағдай халық арасында профилактикалық тестілеу санының жоғарылауына байланысты артты. Шын мәнінде, бүгінде Алматыда анықтаған оқиғалардың 90 пайызы және соңғы аптада Нұр-Сұлтан қаласындағы барлық оқиғалардың 80 пайызы ауру белгілері білінбеген науқастардың арасынан анықталды», - деді Е. Біртанов.

Осы қалаларда профилактикалық тестілеу шаралары белсенді жүргізіліп жатқандықтан, індет жұқтырғандар анықталуда.

«Біздің тактиканы айтар болсақ, халық арасында ПТР-тестілеуді белсенді жүргізуге екпін қоюдамыз. Бұл жұмыстар індет жұқтырғандарды барынша көбірек анықтауға негізделген», - деді министр.