Мәжіліс депутаттары Алматыда жастардың лофт-орталығымен танысты

Мәжіліс депутаттары Алматыда жастардың лофт-орталығымен танысты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанадан Алматыға жұмыс сапарымен келген бір топ депутат жастардың лофт-орталығына барды. Осыдан 2 жыл бұрын ашылған ашық алаңда өнертапқыштардың жұмыстарымен танысып, 5 қабатты ғимаратты түгел көріп шықты, деп хабарлайды Almaty.tv

Бұрынғы трамвай депосының орнына ашылған жастар орталығында еріктілер қозғалысы, ағылшын тілі курсы, жас суретшілер клубы және мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтататын кабинеттер бар.

Айта кетейік, осындай ашық алаңдар қаланың Алатау және Наурызбай аудандарында ашылған. Лофт-орталықтардың арқасында былтыр 8 мыңнан астам жастар тұрақты жұмысқа орналасыпты.  

«Лофт-орталық – өте маңызды орын. Жастар мұнда келіп, бірімен бірі танысып, білісіп, жобаларынмен бөлісіп, кеңінен талқылауға толық мүмкіндік алып отыр. Жастармен қатар, кішкентай балалар да бар. Сондықтан мұны жастарға жасалып отырған үлкен іс деуге болады. Мұндай орталықтар әрине, әр өңірде, әр ауданда болса, құба-құп болар еді», – деді ҚР Парламенті мәжілісі төрағасының орынбасары Гүлмира ИСИМБАЕВА.

«Технократ ұлтқа айналу - өте үлкен шаруа. Ол үшін алдымен білім керек. Бұл жердегі жастарға жасалған жағдайдың барлығы кез келген уақытта өнер-біліммен озуға мүмкіндік тудырады десек, артық айтпаспыз. Жастар жылында ғана емес, барлық жылда да «Рухани жаңғыруды» басты міндет етіп алып жүру керек. Өйткені, Елбасы бұл бастаманы жалпы мемлекет үшін, ұлт үшін көтеріп отыр», – деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Дархан МЫҢБАЙ.

Депуттаттар сондай-ақ, Алматы қаласындағы Урбанистика орталығына барып, жас ІТ-мамандармен кездесті. Ашық әңгіме барысында көкейде жүрген сауалдарды қойып, пікір алмасуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, халық қалаулылары қала лаборатиясындағы интерактивті музеймен танысты. Онда Алматының өткені мен бүгіні сандық форматта жасалған.  

Новости партнеров