Рим Папасы Францисктің Қазақстанға мемлекеттік сапары басталды

Facebook
Facebook
Қазақстан Президенті мен Католик шіркеуінің басшысы президенттік терминалдың Каминді залында қысқаша әңгімелесті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

 Мемлекет басшысы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Рим Папасы Францискті әуежайда күтіп алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Рим Папасының әуе борты Қазақстан әуежайына қонды.

Президенттен бөлек, қадірлі қонақты күтіп алуға ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров, ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, елорда әкімі Алтай Көлгінов, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысы Мұрат Нұртілеу, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева және бірнеше діни қызметкерлер келді.

Қарсы алу рәсімі барысында мемлекеттер басшылары бір-біріне екі елдің делегация мүшелерін таныстырды.

Содан кейін Қазақстан Президенті мен Католик шіркеуінің басшысы президенттік терминалдың Каминді залында қысқаша әңгімелесті.

Кездесу соңында мәртебелі қонақтың кортежі Ақордаға бағыт алды.

Новости партнеров