Алматы облыстық ТЖД тұрғындарға үндеу жасады

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында облыс тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы облысының ТЖД мәліметінше, облыс аумағында су басудың алдын алу мақсатында тиісті шаралар қолға алынуда. Осыған байланысты Алматы облысының ТЖД үндеу жариялап, тұрғындардан үй маңындағы арықтарды тексеріп, оларды тазартуды сұрады.

«Құрметті Алматы облысының тұрғындары! Төтенше жағдайлар департаменті еріген суларды арық желісі арқылы кедергісіз өткізуді ұйымдастыру мақсатында жеке сектор тұрғындарынан жеке аумақта, сондай-ақ үйлерге іргелес учаскеде орналасқан арықтарды тексеруді және тазартуды сұрады. Тұрғын үйлерді су басып қалмас үшін арық желілерінің қоқыспен бітелуіне және қар басып қалуына жол бермеулеріңізді сұраймыз», – делінген департамент үндеуінде.

Новости партнеров