Оқиғаға қатысы бар деген екі күдікті ұсталды
Астанадағы ойын-сауық орындарының бірінде 18 жастағы жігіт көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқиғаға қатысы бар деген екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қалалық Полиция департаменті аталған деректі растады. Қазір адам өліміне әкеп соққан қасақана ауыр дене жарақатын келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
«Анықталғандай, түнгі ойын-сауық орындарының бірінің маңында жастар дауласып қалған. Жанжалдың арты төбелеске ұласқан. Салдарынан 18 жастағы азамат алған жарақаттарынан көз жұмды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деді Астана қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Шымкентте бір үйде сегіз адам газға уланып қалды