Автобуста Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан азаматтары болды
Ақтөбеде автобус пен жүк көлігі соқтығысып, 60-қа жуық адам эвакуациялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқиға Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылы маңында болды.
- «Мәскеу – Шымкент» бағытының автобусы мен жүк көлігі соқтығысты. Автобуста Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан азаматтары болды. Оқиға орнына ТЖД, полиция, жедел жәрдем және басқа да жедел қызметтердің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Құтқарушылардың күшімен жолаушылар Қарабұтақ ауылындағы «Маяк» кемпингіне эвакуацияланып, оларға қажетті көмек көрсетілді. Зардап шеккендер жоқ,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, әкімшілік тәртіппен хаттама толтырылады. Себебі ешкім жарақат алмады.
Оқи отырыңыз: 18 жастағы жігіт көз жұмды: екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды