Тәртіп сақшылары аудандағы бұзақылық көп орын алатын көшелерді анықтаған. Оның ішінде, көпке белгілі Шолохов, Осипенко, Ақан сері, Кассина көшелері бар. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, бүгінде күн-түн демей қылмысқа баратындардың саны артқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қылмыстар көбінесе, түс ауа, яғни күндізгі 16.00-ден түнгі 00-ге дейін орын алады және аптасына кем дегенде 130-дан астам заң бұзушылық тіркеледі екен. Соған сәйкес, түске дейін 45 тәртіп сақшысы қоғамның тыныштығын күзетсе, екінші ауысымда 116 полицей жұмыс істейді.
КЕСТЕ:
Түрксіб ауданындағы қылмыс көп орын алатын көшелер
1. ШОЛОХОВ - ЧЕХОВ - МОЛДАҒАЛИЕВА - ЩЕРБАКОВ
2. Р. ЗОРГЕ - СЕЙФУЛЛИН - ТЫНЫШПАЕВ
3. Р. ЗОРГЕ - СЕЙФУЛЛИН - ОСИПЕНКО - СТАНЦИОННАЯ, АЛМАТЫ-1 Т/Ж ВОКЗАЛЫ
4. СЕЙФУЛЛИН - НИКОЛЬСКАЯ - УДМУРТСКАЯ - ЧЕБОКСАРСКАЯ - РОВЕНСКИЙ
5. СЕЙФУЛЛИН - ВЯТСКАЯ - НИКОЛАЕВСКАЯ - ЖУМАБАЕВ
6. АЙМАУЫТОВ - СЕЙФУЛЛИН - ФИЗКУЛЬТУРНАЯ - ЧЕХОВ
7. СЕЙФУЛЛИН - АҚАН СЕРІ - РОВЕНСКОГО - КАРАКУМСКАЯ - ЧЕРЕМЕТЬЕВА
8. К СЕЙФУЛЛИН - АҚАН СЕРІ - КОТЕЛЬНИКОВА
9. СЕЙФУЛЛИН - ДУЛАТОВ - ВАРШАВСКИЙ - КОТЕЛЬНИКОВА
10. СЕЙФУЛЛИН - КАССИНА - ХЕТАГУРОВА
Қылмыс орын алған уақыт
08.00-ден 16.00-ге дейін - 84 қылмыс
16.00-ден 00.00-дейін - 136 қылмыс
00.00-ден 08.00-дейін - 106 қылмыс