Таулы аймақтағы құрылыс жұмыстарында заң бұзылғаны анықталды

22.05.2023 23:01

Мұнда мақсатты пайдаланылмаған 15 учаске анықталған

Almaty.tv

Алматыдағы таулы аймақтағы құрылыс жұмыстарында 150-ден астам заң бұзылғаны анықталды. Бұл жайында қалалық прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құзырлы орган тау бөктеріндегі жаппай құрылыс пен жасыл желектерді жоюдың алдын алды. Сондай-ақ су қорғау аймақтарында да бірнеше заңға қайшы әрекеттер тіркелген. Ол – белдеулерді заңсыз иемдену және бассейн инспекциясының келісімінсіз құрылыс жүргізу. Бұдан бөлек, мұнда мақсатты пайдаланылмаған 15 учаске анықталған.

– Наурызбай ауданының Жайлау шағынауданында аумағы 13 га жеке тұрғын үй құрылысына арналған жалған әкімдік актілерінің күші жойылды, ондағы тау баурайында аз қабатты тұрғын үй кешендерінің құрылысы жоспарланған болатын, – деді қалалық прокуратураның ресми өкілі Нұрсұлтан Жиделбай.