Алматыда GO VIRAL фестивалінің аясында медиа саласының білгірі Асхат Еркімбай отандық журналистика өкілдерінің басын қосып, дәріс өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Медиа-сарапшы пандемия кезіндегі ақпараттың маңызына тоқталып, журналистикадағы негізгі тетіктерді атап өтті.
«Медиаға көмектесе алатын тұлғалардың барлығы мейлінше қазақ журналистикасына қолдау білдірудің аса өзекті екенін көрсетті. Қазақ журналистикасына ақпараттық тұрғыдан қолдау көрсетілсе дұрыс болар еді. Журналист қазақ тілінде сауал қойған кезде, оған сол тілде жауап берілсе, қазақ оқырманы дер кезінде маңызды ақпаратқа қол жеткізеді», ‒ деді медиа-сарапшы Асхат Еркімбай.
Сондай-ақ, GO VIRAL фестивалі егеменді елдің жастарына Next 30 байқауын жариялады. Орта Азияға қанат жайған жарысқа қатысу үшін 20 шілдеге дейін тіркеуден өтіп, өз жобаңызды ұсынуыңыз қажет. Ал байқаудың жеңімпаздары АҚШ-қа тегін жолдама алады.
«Next 30 байқауының негізгі талабы Орталық Азиядағы жастар өз қаласында бір дүние жасап, көрсетуі қажет. Мысалы, жоба ұсынып, нәтижесін көрсету керек», ‒ деді GO VIRAL жобасының менеджері Гаухар Мұқаман.