|
20.06.2019 | 18:03
1951

«АН-2» ұшағы апатынан зардап шеккен екі азаматтың біреуіне бүгін ота жасалуы мүмкін

Апат Нұр-Сұлтаннан 60 шақырымдай жер – «Родина» ауылына тиесілі алқапта болған

«АН-2» ұшағы апатынан зардап шеккен екі азаматтың біреуіне бүгін ота жасалуы мүмкін

«АН-2» ұшағы апатында зардап шеккен екі азамат та ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың біреуіне бүгін ота жасалуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бүгін Нұр-Сұлтаннан 60 шақырымдай жер – «Родина» ауылына тиесілі алқапта елге «жүгері» деген атаумен таныс ұшақ апатқа ұшырады. Ішінде екі ұшқыш пен техник-көмекші болған. Өкінішке қарай, бір ұшқыш қаза болып, экипаждың екі мүшесі қатты жарақат алған.

«29 жастағы экипаж мүшесі өте ауыр жарақатпен Нұр-Сұлтан қаласының Орталық темір жол ауруханасына жеткізілді. Аурухананың барлық дәрігері науқастың өмірі үшін күресуде. Ол шоктан шыққан соң бас миының сынығына ота жасалады. Ота бүгін жасалып қалуы мүмкін. Ал, 27 жастағы екінші науқас Нұр-Сұлтан қалалық Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жеткізілді. Қазіргі уақытта екеуі де жансақтау бөлімінде жатыр», – деді Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы стационарды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Желеухан ПІРІМҚҰЛОВ.

Ал, еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі апат бойынша тексеру жұмыстар басталғанын айтты.

«Ақмола облысының Целиноград ауданында арнайы авиа-химиялық қолданыстағы «АН-2» ұшағы апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты. Әуе кемесінің апатқа ұшырауы себебін анықтау мақсатында тергеу жұмыстары басталды», – деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі Руслан ИМАНҚҰЛОВ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир