Қолайсыз ауа райы: Алматының бірқатар ауданында электр жарығы өшті

21.07.2023 23:03

Қазіргі уақытта апатты қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

dzen.ru

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматының бірқатар ауданындағы электр желісінде апат болып, электр қуаты өшті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қатты желдің салдарынан кейбір ауданда ағаштар құлады, бұл тарату желісіндегі 6-10-0, 4 киловольттың ажырауына әкелді, соның нәтижесінде Алматының тұтынушылары электрден ажыратылды. Электр қуаты Жамақаев, Шукшин, Гагарин, Жароков, Әуезов, Жамбыл, Төле би, Шолохов, Сейфуллин көшесінде өшті.

Электр қуатынсыз қалған аудандарды «АЖК» АҚ сайтының картасынан көруге болады.

АЖК қазіргі уақытта апатты қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Екі сағатта қосу жоспарланған.