Алматыда V TURAQTY JOL ұлттық әлеуметтік науқаны іске қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Игі бастама күні кеше қаланың Түрксіб ауданындағы Аспан паркінде 100-ге жуық ағаш көшетін отырғызудан басталды. Іс-шараның мақсаты – халық арасында экологиялық мәдениет қалыптастыру.
Айта кетейік, науқан аясында республикалық экологиялық идеялар мен жобалар фестивалі басталды. Оған 16 мен 35 жас аралығындағы экобелсенділер қатысады.
– Бұл «Тұрақты жол» эконауқаны 5 кезеңнен тұрады. Біріншісі – ағаш отырғызу, ал келесі кезеңде сенбілік, дөңгелек үстел, суреттер конкурсы және республикалық экологиялық бастамалар фестивалі болады, – деді ұйымдастырушы Айсана Мирам.
Оқи отырыңыз: Алматы – ортақ үйіміз: қалада 20 мыңнан астам ағаш отырғызылады