Теміртауда 2 жасар баланы өлтірді деген күдікті қолға түсті

24.03.2023 23:05

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Из открытых источников

Теміртауда 2 жасар баланы өлтірді деген күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv.

24 жастағы баланың өгей әкесі күдікті деп танылды. Қанды оқиға кеше қала ортасындағы пәтерлердің бірінде болған. Бұған дейін полиция қызметкерлері бүлдіршіннің мәйітін тауып, осы іске қатысты күдіктіні іздеуді бастағанын хабарлаған еді. Ал бүгін құзырлы орган өкілдері оқиғаға қатысы бар адамды ұстап, оның қамауға алынғанын мәлімдеді.

«Ол жасаған қылмысын мойындады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде», – деді Теміртау қалалық Полиция басқармасының бастығы Мақсат Әшімов.