Алматыда партияның сегіз аудандық филиалдарының төрағалары болып аудандағы нақты жағдайды білетін және партия белсенділері қатарындағы көшбасшылар сайланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сонымен, конференциялар қорытындысы бойынша партияның Алатау аудандық филиалын Жарқын Алдамбергенова басқарды. Ал партияның Алмалы аудандық филиалына кеңесшіден бастап, Алматы қаласы аудандық филиалының атқарушы хатшысына дейін партиялық жүйеде 11 жылдан астам тәжірибесі бар Ерлан Әлбисенов жетекшілік ететін болды.
Партияның Әуезов аудандық филиалын басқару 20 жылға жуық партия қатарында тәжірибесі бар, түрлі партиялық қызметтерде 17 жылдан астам еңбектенген Найля Ордабаеваға сеніп тапсырылды. Партияның Жетісу аудандық филиалының төрағасы болып Ерлан Давов, Медеу филиалының төрағасы болып Азат Ажиманов сайланды. Наурызбай және Түрксіб аудандарында партия белсенділері Тынышқали Сәбен және Серікболсын Сарыбаевты сайлады. Айта кетерлігі, бұған дейін жеті аудандық филиалдың төрағалары атқарушы хатшы ретінде қызмет еткен.
Ал мегаполистегі ірі аудандардың бірі – партияның Бостандық аудандық филиалын қоғамдық негізде қалалық қан орталығының директоры, 22 жылдық еңбек өтілі бар аманаттық Жандос Нәдіров басқарды. Жаңадан сайланған төраға денсаулық сақтау саласында 25 жылдан астам еңбек етіп келеді, жоғары награда – «Алтын дәрігер» төсбелгісі иегері, әртүрлі жылдарда Бостандық аудандық барлық деңгейдегі депутаттар және ҚР Президенттігіне кандидат Қ.Қ.Тоқаевты сайлауалды штабтарын басқарған.
«АМАNAT» партиясы қалалық филиалының басшысы Мейіржан Отыншиевтің айтуынша, партиялық бастамаларды жүзеге асыруда кәсіби тәжірибе мен бұған дейінгі қоғамдық-саяси істерге белсене араласуы, сондай-ақ өз ауданына деген сүйіспеншілік – осының барлығы сегіз аудандық филиалдың төрағаларын сайлауға негіз болды.